00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада бөтеннің телефонын қолды еткен азамат ұсталды

10.05.2023 | 15:30
25

Астанада бөтеннің телефонын қолды еткен азамат ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға телефонның жоғалғаны туралы Біржан сал көшесіндегі елордалық қонақүй кешендерінің бірінің әкімшісі арызбен жүгінген. Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұялы телефонды ұрлады деген күдікпен 29 жастағы жігітті анықтады. Ер адам бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды. Түнгі сағат 04:30 шамасында ер адам масаң күйде, қонақүйдің бірінші қабатында біреудің ұялы телефонының көзге түсетін жерде қараусыз жатқанын байқаған. Жақынырақ келіп, ол алдымен оның әрекетін бақылап тұрған куәгерлердің бар-жоғын тексерген, содан кейін ресепшеннің жанына келіп отырған. Құны шамамен 140 мың теңге тұратын Huawei маркалы ұялы телефонды иемденіп, өзінің бөлмесіне қайта кіріп кеткен.

 Сондай-ақ күдікті ұрланған затты «Артем» СҮ ауданында бейтаныс адамға сатқаны анықталды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. 

Астана қаласының полиция департаменті қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға және бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

 

Барлық жаңалықтар