00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада 6 металл қабылдау орны заңсыз жұмыс істеген

28.11.2023 | 13:00
45
фото: polisa.kz

Елордалық полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз сауда орындарының жолын кесу мақсатында түсті және қара металдарды қабылдау пункттерінде рейд жүргізді , деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге Астана қаласы әкімдігінің және мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысты.

Рейд барысында 21 металл қабылдау пункті тексеріліп, оның ішінде 6 пункттің заңсыз жұмыс істегені белгілі болған. Заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Негізінен металл сынықтары пункттерінің иелері тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысып, аумақты абаттандыру ережелерін де бұзған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе құжатсыз тұрған жеті шетелдік жұмысшыға қатысты әкімшілік іс қозғалды. 

Айта кетсек елордада 20-30 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. 

Барлық жаңалықтар