00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елімізге Қырғызстаннан екі вагон темекі өнімдері заңсыз әкелінбек болған

10.08.2023 | 05:00
56

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Қырғыз Республикасынан құны 1,3 млрд теңгеден асатын екі вагон темекі өнімдерін жөнелтпе құжатсыз және ЕБМ-сіз әкелуге әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті тергеп жатыр. Мемлекеттік кірістер органдарының есептеулері бойынша акциздің бюджетке төленуі тиіс сомасы 585 млн теңгені құрайды, - делінген хабарламада. 

Агенттіктің мәліметінше, бүгінгі таңда қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шаралары, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша қылмыстық iс бойынша процестік шешім қабылданады.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Барлық жаңалықтар