00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елімізде ұрлық көрсеткіші 28,2 пайызға төмендеді

27.09.2023 | 06:30
53
Фото: ашық дереккөз

Бас прокуратура елдегі ұрлық жасау қылмысының биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша көрсеткішін жариялады, деп хабарлады Elorda.info

Ведомство берген мәліметке сәйкес  өткен жылдың осы уақытындағы есеп бойынша 42 752 ұрлық дәйегі тіркелген болса, биыл бұл көрсеткіш 30 173-ке қысқарған.   

Баc прокуратура аймақтар бойынша қылмыстың осы түрінің салыстырмалы статистикасын да жариялады. Оған сәйкес, қазіргі таңда ұрлық қылмысы бойынша Алматы қаласы алғашқы орында тұр екен. 

Алматы (қ) - 7154,

Астана (қ) - 3541,

Алматы -2197,

Қарағанды - 2114,

Қостанай – 1519, 

Ақтөбе -1413, облыстарында және 1447 ұрлыққа қатысты іс 

 Шымкент қаласында тіркелген. 

Сондай-ақ бас қадағалаушы органның жазуынша елде ұялы телефондар ұрлығы 11,3%-ға төмендеді.

Еліміз бойынша өткен сегіз ай ішінде  ұялы телефон ұрлау дәйегі бойынша 7967 арыз шағым түскен. Былтыр бұл көрсеткіш 8984 болған. 

Қылмыстың бұл түрінен де Алматы қаласы көш бастап тұр. 

Мәселен, Алматы қаласында - 2287, Астана  - 844, Алматы облысында - 576,

Қарағанды облысында - 527, Ақтөбе облысында - 424, Абай облысы– 431 және Шымкент қаласында – 467  аталған қылмысқа қатысты  құқықбұзушылық тіркелген. 

Сонымен қатар, автокөлік ұрлығы бойынша да төмендеу байқалады. Қылмыстың бұл түрі бойынша жыл басынан бері барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді.  Бұл өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға аз, - делінген прокуратураның мәліметінде.

Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың 3303-тен 2707-ге немесе 18%-ға төмендеу динамикасы байқалады.

Мал ұрлығы дәйегі бойынша 960 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Аталған көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 17,7%- ға азайған. 

Ұрлықтың бұл түрінің көпшілігі Алматы (172 іс), Батыс Қазақстан (124 іс), Түркістан (124 іс),  Жетісу  (93 іс), Жамбыл  (68 дерек),  Абай  (66 дерек) облыстарында тіркелген, - деп жазды дереккөз. 

Барлық жаңалықтар