00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде 10 мыңнан астам адам іздестірілуде

06.10.2023 | 16:00
49
фото: ашық дереккөз

ҚР Бас прокуратурасы елімізде әртүрлі жағдайда іздеуде жүрген азаматтар туралы мәлімет жариялады, деп хабарлады Elorda.info

Бас қадағалаушы орган таратқан дерек бойынша, қазіргі уақытта 10 603 адам іздестірілуде, олардың 2 142 хабар-ошарсыз жоғалғандар. Хабар-ошарсыз жоғалғандардың көп бөлігі Алматы қаласында (284), Қарағанды (220), Павлодар (166) және Алматы (165) облыстарында тіркелген.

Әртүрлі жағдайларда 30 - дан 49 жас аралығындағы ер адамдар ең жиі жоғалады (77%).

Сонымен қатар, үйінен шығып, қайта оралмағандар – 1 605 және автокөлікпен жоғалғандар - 75, жұмыстан шығып үйіне келмей қалғандар - 36 адам.

Сондай-ақ, елімізде тергеуден және соттан жасырынған 2 335 адам іздестіруде жүр. Іздестіруде  жүргендер  негізінен 31-ден 40 жас аралығындағы ер адамдар екенін атап өту қажет (89%).

Олардың көп бөлігі, Алматы қ. (501), Астана қ. (182), Шымкент қ. (146), Алматы (149) және Қарағанды облысында (144), алаяқтық (509), ұрлық (312) және адам өлтіру (146) үшін іздеуге салынғандар,-делінген Бас прокуратура таратқан мәліметте.

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асыратынын еске саламыз.

Барлық іздестіру істерінің тіркелуін, сондай-ақ мемлекетаралық ақпараттық банкі деректерінің өзара іс-қимылын ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүзеге асырады. 

Барлық жаңалықтар