00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Бурабайға демалуға барған астаналық әйел көз жұмды

12.06.2023 | 13:08
40
Фото: borovoe.kz

Астанадан Бурабайға демалуға барған әйел қаза тапты, деп хабарлайды Elorda.info Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кеше, яғни 11 маусымда болған.

Әйел күйеуі және балаларымен бірге елордадан Бурабай ауданына демалуға барған. Марқұм Бөлектау тауының шолу алаңына көтеріліп бара жатқанда суретке түспек болған. Алайда 15 метр биіктіктен құлап, тасқа соғылған.

Полиция адам өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Полицейлер тұрғындар мен қонақтарды сақ болуға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Барлық жаңалықтар