00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

БҚО-да алпыстан астам ірі қараны ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

10.01.2024 | 15:00
66
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы криминалдық полиция қызметкерлері Теректі ауданына қарасты Ақжайық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты анықтап қолға түсірді, деп хабарлады Elorda.info    

 Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш адамнан тұрған қылмыстық топ қазан және қараша айларында жайылымнан Теректі ауданының тұрғындарына тиісілі ірі қара малын ұрлап кеткен. Тексеру барысында мал ұрылары 62 ірі қара малды жымқырған, оның 8-і күдіктілердің қораларынан табылды.  

Ұсталған азаматтардың біріне тиесілі Toyota Hilux автокөлігі, сондай-ақ күдіктілер ұрланған ірі қара малға айырбастаған Ford автокөлігі тәркіленді.  Сондай-ақ ұрланған малды сатып алып жүрген мал сатушы анықталды. Ол ұрланған малды нарықтағы төмен бағамен сатып алған. Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторна қамауға алынды, -деп жазды дереккөз.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Барлық жаңалықтар