00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

БҚО-да ағасымен аңға шыққан оқушыға оқ тиді

07.02.2024 | 05:35
51
фото: © elements.envato.com

Белгілі болғандай, 11-сынып оқушысы ағасымен бірге аң аулауға барған. Сол сәтте 30 жастағы жігіт абайсызда інісін атып алған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Қылмыстық кодекстің 114-бабы («Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ал Білім басқармасы олар оқиғаның қалай болғанынан бейхабар. Алайда оқ баланың көзіне, бетіне және мойнына тиген. Ата-ана тарапынан ешқандай шағым түспеген. 

Оқыс жағдайға қатысты аудан әкімі Мұрат Сердалин де пікір білдірді.

Аңға шыққандардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған тек бір бала болған. Қалғандары – ересек адамдар. Аңшылардың қару қолдануға барлық рұқсаты бар, – деді ол.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы оқушының жағдайын кейінірек хабарлайтындарын жеткізді.

Барлық жаңалықтар