00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Атырау қаласының экс-әкімі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

10.11.2023 | 10:30
51
Фото: ашық дереккөз

Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша тергеу шеңберінде Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат  Оразбаев ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Бас прокуратураның ресми сайтының жазуынша, Атырау облысының прокуратурасы алаяқтық белгілері бойынша Атырау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. 

Тергеу барысында  2020-2022 жылдар кезеңінде әкімдіктің лауазымды тұлғалары жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға (жасыл желек аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалаулар және т.б.) жататын жер телімдерін заңсыз бергені анықталды.

Кеше  ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша тергеу шеңберінде Атырау қаласының экс-әкімі  Қ.К. Оразбаев ұсталды. Ол  Атырау қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды,- деп жазды дереккөз.

ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Барлық жаңалықтар