00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астаналық мас азамат жүк көлігін ұрлап, ішінде ұйықтап қалған

10.11.2023 | 09:30
38
Фото: дереккөз

Астанада полицейлерге қала тұрғыны Ивеко көлігінің жоғалғаны туралы арызданған, деп хабарлады Elorda.info

Ер адам айтуынша, көлікті Кербұлақ жолындағы үйдің жанында қалдырған. 

Ұрланған көлікті іздеуге полицияның тиісті қызметтері жұмылдырылып, жедел іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері Республика даңғылының бойында ұрланған жүк көлігін тапқан. Белгілі болғандай, аталған көліктің ішінде масаң күйде оны тізгіндеп кеткен ер азаматтың ұйықтап жатқанын анықтап, тиісті шара қабылдаған. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 37 жастағы Астана тұрғыны түнде тұрғын үйдің жанынан есіктері ашық қалған жүк көлігін көріп, жолға шығуға шешім қабылдап, көлікті ұрлап кеткен, - делінген хабарламада

Ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Ер адамның бұрын сотты болғаны анықталып, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Барлық жаңалықтар