00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада танысын ұрып-соғып, заттарын тартып алған ер адам ұсталды

16.06.2023 | 20:30
47
Фото: дереккөз

Астанада жаңа танысын ұрып-соғып, жеке заттарын тартып алған азамат анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, «102» пультіне 36 жастағы қала тұрғыны жүгініп, бейтаныс жігіт оны тонап кеткендігін айтқан.

Ер адамның айтуынша, түнде ол үйдің ауласында бейтаныс жігітпен бірге ішімдік ішкен. Отырыс кезінде олардың арасында жанжал туындап, оның барысында жігіт ер адамды ұра бастаған. Содан кейін ол жәбірленушінің спорттық күртешесін, смарт-сағатын шешіп алып, Samsung J3 телефонын тартып алып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Дереу полицияның жеке құрамы жігіттің орналасқан жерін анықтауға бағытталды. Күдіктіні сипаттайтын егжей-тегжейлі бағдар жасалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Ол 25 жастағы жігіт болып шықты. Ол мойындау көрсетпелерін берді, - делінген жазбада.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері ұрланған заттар мен ұялы телефонды алып, иесіне қайтарып берді. 

Барлық жаңалықтар