00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада қаржы пирамидасын құрғандарға қатысты тергеу жүріп жатыр

04.10.2023 | 07:30
49
Фото: ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша «Sterling Invest» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Аталған ЖШС құрылыс материалдарын сатып алу үшін салымшылардың қаражатын тартып, 20%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерінде сыйақы беруді уәде етіп, заңсыз әрекеттерді жүзеге асырғаны анықталды.

Инвестицияның ең төменгі сомасы – 200 000 теңге. Төлемдер келісімшартқа сәйкес 15 күннен 35 күнге дейінгі мерзімде жүзеге асырылады деп ендірген.

«MegaSnabGroup.kz» және «Азия Сталь Казахстан» ЖШС еншілес кәсіпорындары анықталып, олар да сыйақылардың үлкен пайызын уәде ете отырып, құрылыс материалдарын сату және инвесторлардың қаражатын тарту бойынша ойдан шығарылған қызметпен айналысқан.

Сонымен қатар, компаниялар әрбір әкелінген инвестор үшін инвестиция сомасының 5%-дан 10%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша табыс алуға уәде берген, - делінген ведомство ақпаратында. 

Сот бұл қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыға «үй қамауы» түріндегі бұлтартпау шарасы ретінде санкция берді. 

Қазіргі уақытта 80-нен астам адам жәбірленуші ретінде танылып, оларға жалпы сомасы 250 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. 

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды. 

Барлық жаңалықтар