00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанада ағайындылар өзге біреудің велосипедін ұрлап кеткен

13.04.2023 | 16:00
30
Фото: ашық дереккөз

Астанада ағайындылар паркингтен біреудің велосипедін алып кеткен, деп хабарлады Elorda.info.

18 жасқа толмаған елордалық күдікті мен ағасы құны 200 мың теңге болатын Msep маркалы тау велосипедін алып кетіп, пайда көрмекші болған. Жаңа тұрғын үйде жалдамалы жұмыскер болып істеп жүрген ағайындылар паркингтен велосипедті байқаған. Бірнеше күннен кейін, түнде жігіттер паркингке кіріп, велосипедті алып кеткен. Олар екі дөңгелекті көлікті үйлеріне апарып, кіреберіске қойған. Сол жерден оны Есіл ауданының полиция қызметкерлері тапқан, - делінген хабарламада. 

Күдіктілер мойындау көрсетпелерін берді. Олардың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар