00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Алматыдан қымбат көлік ұрлаған азамат күре жолдың бойында ұсталды

27.01.2024 | 10:00
44
Фото: Polisia.kz

Оңтүстік астанадан көлік ұрлап кетіп бара жатқан күдіктіні Жамбыл облысының полицейлері тоқтатты, деп хабарлады Elorda.info

 Жамбыл облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне Алматыдан Toyota Camry автокөлігін ұрлап, Шымкент қаласы бағытында келе жатқан күдіктіні ұстау туралы хабар келіп түскен. 

ПД патрульдік полиция батальоны взводының қызметкерлері Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар автожолының 240-шақырымында   аталған автокөлікті байқап, оны тоқтату және ұстау үшін шаралар қабылдады. Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын басқаруға тиісті құжаттары жоқ екендігі және іздеудегi ұрланған автокөлік ретінде тіркелгені анықталды. Аталған көліктің салонында жүргізушіден басқа тағы 2 жолаушы болған. Көлік ұрлағаннан кейін жүргізуші ақша табуға шешім қабылдап, жолда өзіне екі жолаушыны отырғызғаны белгілі болды, -деп жазды дереккөз

 Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы Бостандық ауданының ПБ  одан әрі анықтау мақсатында берiлді.

Барлық жаңалықтар