00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Алматыда жол апатынан көз жұмған жігіттің туыстары жүргізушіні соққыға жыққан

12.04.2023 | 12:30
49
Фото: ашық дереккөз

Алматыда жол апатынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марқұмның туыстары жүргізушіні соққыға жығып, көлігін қиратып тастаған. Оқиға 10 сәуірде сағат 21:30-да болған.

Полицияның мәліметінше, жүргізушіні соққыға жыққандардың үстінен ешқандай арыз-шағым түспеген.

«Hyundai» маркалы автокөліктің 2001 жылы туған жүргізушісі Рысқұлов даңғылы мен Данченко көшесінің қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кетіп, жаяу жүргіншіні соққан. Салдарынан 2007 жылы туған жасөспірім көз жұмды, - деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Жол ережесін бұзған жүргізуші қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Барлық жаңалықтар