00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Алматы облысында тауда адасып кеткен екі жасөспірім құтқарылды

24.09.2023 | 11:00
62
Фото: ТЖМ

23 қыркүйекте сағат 20:10-да Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Іле Алатауы тауларында өздерінің адасып кеткендері туралы екі жасөспірімнен хабарлама келіп түскен, деп хабарлады Elorda.info 

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Хабарлама түсе салысымен ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздеуге жолға шықты. 

Олар жолды қысқартамыз деп бағыттарынан адасып қалған.

Зардап шеккендермен ұялы байланыс болды, жасөспірімдер Кұмбел шыңы аймағындағы туристерді құтқаруға арналған таудағы лашық үйлердің бірін паналаған. Құтқарушылар жасөспірімдерге сағат 3:38-де жетті. Тауда қар көп болғандықтан, олардың киімдері су болып қалған. Құтқарушылар оларға жылы шұлық беріп, киімдерін кептіріп, сағат 5: 20-да тау басынан түсе бастады. Жас туристер Көк-Жайлау - Үш ағайынды - Құмбел бағытымен жүріп, сол жерден Горельник шатқалына түсе бастағаны анықталды. Алайда, жас туристтер уақытты есептемей, қараңғы түсе бастаған соң, жолды қысқартуға шешім қабылдаған.  Осы кезде олар жолдан шығып, адасып қалған.  Жасөспірімдер дер кезінде дұрыс шешім қабылдады: дереу құтқарушыларға қоңырау шалып, арнайы таудағы лашық үйге барып,  паналаған, - делінген ведомство тартатқан мәліметте. 

Барлық жаңалықтар