00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Алматы облысында үш жасар бала кәріз құдығына құлап көз жұмды

14.09.2023 | 05:00
50
Фото: ашық дереккөз

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылындағы балабақша ауласында болған, деп хабарлады  Elorda.info

Бұл туралы Алматы облысы, Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов өзінің Instagram парақшасында жазды. 

2023 жылғы 13 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасына Қырбалтабай ауылындағы балабақшаның бірінің аумағында ашық кәріз құдығына құлағаннан кейін ауылдық ауруханада 3 жасар баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті,-деп жазды ол. 

Аталған дерек ҚР ҚК 141-бабының 2-бөлігі бойынша (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) полицияда тіркелді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Тергеу барысын мен жеке бақылауыма алдым. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды,- деді департамент басшысы. 

Барлық жаңалықтар