00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды

20.02.2024 | 15:00
43
фото: дереккөзден

Алматы облысы ПД  қызметкерлері Іле ауданы ПБ қызметкерлерімен бірлесіп Қосөзен ауылының аумағында синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы әшкереледі, деп хабарлады Elorda.info  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

 Арнайы операция кезінде 33 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тұрғын үй-жайларын тінту нәтижесінде ақ түсті, ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. 

Сараптамалық тексерулердің нәтижелері бойынша алынған зат жалпы салмағы 3 келі 840 грамм болатын мефедрон есірткісі болып шықты. Осылайша полицейлер қара нарықта құны шамамен 100 миллион теңге болатын есірткінің 1500 бір реттік дозасын таратуға жол бермеді. Сонымен қатар қырық дана шыны ыдыс, химиялық сұйықтығы бар жеті канистр және есірткі дайындауға арналған басқа да құрылғылар тәркіленді-деп жазды дереккөз.

Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын заңсыз дайындау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Барлық жаңалықтар