00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Алматы базарындағы өрт сөндірілді

09.07.2023 | 15:30
31

Алматылық өрт сөндірушілер базардағы өртті сөндірді, деп хабарлады Elorda.info ТЖМ баспасөз қызмтіне сілтеме жасап. 

9 шілде сағат 12:00-де Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Алатау ауданы солтүстік айналма 118/4 мекенжайына жіберілді. Өрт сөндірушілер жеткенде контейнерлік типті қоймалар жанып жатқан. Жедел штаб ашылды, өртті сөндірудің үш учаскесі анықталды. Көрші тұрған контейнерлерді сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізілді, - делінген министрлік ақпаратында. 

Тауарлық-материалдық құндылықтары бар қоймалардың, көптеген көліктердің кедергі келтіруі мен базар аумағында адамдардың болуына қарамастан, өрт сағат 14:05-те толықтай сөндірілді.  

Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД күштері мен құралдары 74 адам, 20 техника мен қаланың басқа да қызметтері жұмылдырылған.

Барлық жаңалықтар