00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қайрат Боранбаев қылмыстық жолмен тапқан 90 млрд теңгені қайтарды

15.09.2023 | 04:00
68
Фото: ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты  сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлады Elorda.info, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тергеу шеңберінде жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданды, - делінген дереккөзде.

Сондай-ақ, Қ.Боранбаев білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аудаған.

Агенттіктің жазуынша, қайтарылған нысандардың барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына берілетін болады. Ал ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылады.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Қ.Боранбаев табиғи газ импорты кезінде қаражатты жымқыру эпизоды бойынша тергеу аясында 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген болатын.

Агенттік заңсыз активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.

Барлық жаңалықтар