00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Ақтөбеде жоғалған оқушы 2 күннен соң табылды

29.11.2023 | 16:00
63
Фото: дереккөз

2008 жылы туған 8-сынып оқушысы Иов Антон Алексеевичт 27 қарашада сағат 15:00-де үйден көшеге шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлады Elorda.info 

Белгілері: дене бітімі  арық, бойы 160-165 см, көздері көк. Үстінде: қара түсті бас киім, қоңыр күрте, қою көк түсті шалбар, қара рюкзак.

Жасөспірімді іздеуге полицейлер, ҚР Ұлттық Ұланның әскери қызметшілері және Zello-poisk еріктілері тартылды.

Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жоғалған баланы тапты. Ол күндіз көшелерді аралап жүріп, түнде қараусыз қалған гараждарда түнегені анықталды. Кәмелетке толмаған бала бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген. Қазіргі таңда ол кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, деп жазды Polisia.kz Telegram арнасы.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті Zello poisk еріктілеріне жасөспірімді іздеуге көмектескені үшін алғыс білдірді. 

Барлық жаңалықтар