00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Ақтөбеде заңсыз ойын ұйымдастырғандар ұсталды

22.09.2023 | 16:00
41
Фото: ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігіАқтөбе облысы бойынша Департаменті заңсыз ойын бизнесін онлайн форматта (интернет-казино)  ұйымдастырған 3 тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде,- деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұйымдастырушылар Қазақстан аумағында тыйым салынған сайттарға сілтеме мен біржолғы логин және пароль беріп, ойыншылардан банк қосымшасы арқылы ставкалар қабылдаған.

Осылайша, олар ойыншыларға нақты ұтыстар бере отырып, тиісті лицензиясыз құмар ойын түріндегі заңсыз қызмет көрсеткен. Алдын-ала есеп бойынша, заңсыз қызметтен түскен қаржы айналымының жалпы сомасы 490 млн теңгені құрады. Ойыншылар саны - 800 адамнан асады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды заңсыз ойын бизнесіне тарту фактілері тексерілуде,- делінген ведомство таратқан ақпаратта. 

Жүргізілген тінту нәтижелері бойынша заңсыз ойын қызметіне қатысты заттар мен құжаттар, сондай-ақ ақшалай қаражат табылып, тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібімен тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Барлық жаңалықтар