00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Ақмолалық азамат үйінде голландиялық қарасора өсірген

15.11.2023 | 04:00
54
Фото: дереккөз

Ақмола облысы Шортанды ауданының тұрғыны үйіндегі бөлмелердің бірін жылыжай ретінде жабдықтаған, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Голландиялық қарасора тұқымын ауыл тұрғыны пошта арқылы тапсырыс беріп, өсімдіктерді өсіруге арналған қажетті жабдықты сатып алған. Бір қызығы, отбасының басқа мүшелері жеке бөлменің мақсаты туралы білсе де, заңсыз әрекеттерге ешқандай кедергі келтірмеген. 

Полицейлер арнайы операцияны «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізді. Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесінде ауыл тұрғынынан салмағы 545 грамм болатын 20 бұта мөлшерінде қарасора түріндегі өсіп келе жатқан өсімдік тәркіленді. Мұнда жедел уәкілдер жарықтандыру құрылғыларын, тыңайтқыш сұйықтықтарын және басқа құрылғыларды тапты. 

Бұл факті ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар