00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

4 көлік соқтығысып, 2 адам көз жұмды

16.07.2023 | 12:00
33
Фото: ашық дереккөз

Жол-көлік оқиғасы Атырау қаласындағы М.Баймұханов көшесінде болған, деп хабарлады Elorda.info  облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Атырау қаласындағы М.Баймұханов көшесінде 4 автокөлік соқтығысты. Төрт автокөліктің екеуі – жолаушылар тасымалдайтын «Daewoo» және «Youtong» маркалы автобус. Ал, екеуі – Toyota Camry және Hyundai Elantra маркалы көліктер. Жол апатының салдарынан Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Кәмелетке толмаған жасөспірім жолаушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Өзге көлік құралдарының жолаушыларына жедел-жәрдем қызметкерлері медициналық көмек көрсетті -делінген облыстық полиция ьаратқан мәліметте.   

Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, іс-құжаттар жинақталып жатыр.

Барлық жаңалықтар