00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

3 автобус, 1 жеңіл көлік: Полиция Алматыдағы ірі ЖКО-ның қалай болғанын айтты

13.02.2024 | 07:12
39

ПД берген мәлімет бойынша, оқиға таңғы 9:00 шамасында болған.

Бүгін сағат 9:00-де Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан 54-бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушісі алдында келе жатқан 133-бағдардағы автобуспен, сондай-ақ «Нексиа» маркалы көлікпен соқтығысқан.

Осы кезде 133-ші автобус инерция салдарынан сол бағытта келе жатқан 88-ші бағыттағы автобуспен қақтығысқан.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Жол-көлік оқиғасына қатысқан үш қоғамдық көлік те жеке тасымалдаушыларға тиесілі.

ЖКО дерегін Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр, - делінген хабарламада.

Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.

Айта кетейік, Алматыда 3 автобус соқтығысып, салдарынан 14 адам ауруханаға түскен болатын.

Барлық жаңалықтар