00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Алматыда бір топ жігіт жас қызды зорлап кеткен

31.03.2023 | 23:54
Елорда ақпарат
63

Алматыда бір топ жігіт қызды тонап, артынша зорлап, оқиға орнынан тайып тұрған. Болған жайттың анық-қанығын полиция анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Polisia.kz сайтының жазуынша, К. есімді қызды белгісіз 5 жігіт тонап кеткен. Содан кейін олардың екеуі оны зорлаған.

Өзімнің жағдайыма қарамастан мен полицияға көмек сұрап жүгіндім. Бір күннен кейін 5 күдікті де ұсталды және қамауға алынды. Мен Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамына кәсіби біліктілігі, нақтылығы, адамгершілігі үшін алғысымды білдіремін. Сол сәтте олардың қолдауы мен үшін маңызды болды, – дейді жәбірленуші.

Полиция тонау және зорлау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қылмыстық іс бойынша басқа да мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Барлық жаңалықтар