00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

БҚО-да тікұшақ апатынан қаза болғандар белгілі болды

31.03.2023 | 23:23
Елорда ақпарат
36

Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстандағы оқыс оқиғадан қаза тапқандардың аты-жөнін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

ТЖМ жариялаған ресми хабарламаға сүйенсек, авиациялық төтенше жағдай кезінде ведомствоның төрт қызметкері көз жұмды.

Олар: ұшқыш-нұсқаушы Дәулетбай Қанатов, екінші пилот Владимир Афанасьев, аға борт механик-нұсқаушы Сиязбек Андосов және жетекші инженер Жәрдем Досқалиев бар.

ТЖМ ұжымының атынан 2023 жылғы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының аумағында авиациялық оқиға кезінде қаза тапқан әріптестеріміздің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, кеше «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысы аумағына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғаны хабарланған. Көп ұзамай Азаматтық авиация комитеті тікұшақ экипажының арасында зардап шеккендер бар екенін, артынша апаттан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шеккені белгілі болды.

Барлық жаңалықтар