00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Петропавлда мектепке балта мен пышақ әкелген оқушы бірнеше баланы жарақаттаған

31.03.2023 | 22:56
Елорда ақпарат
32

Петропавл қаласындағы №4 орта мектептің 9-сынып оқушысы дәлізде үш балаға жарақат салған, деп хабарлады Elorda.info.

Таңғы сағат 7:50-де 9-сынып оқушысы сөмкесіне балта мен пышақ салып, мектепке кірген. 2-қабатқа көтеріліп, дәретханада басқа киім мен бетперде киіп шыққан да, дәлізде кездескен 9 және 10-сыныптардың үш оқушысын (1 қыз және 2 ер бала) жаралаған.

Зардап шеккен балалардың біреуі қан-жоса күйінде бірінші қабатқа жүгіріп түскен. Қазір олар облыстық балалар ауруханасында. Біреуіне сол жерде медициналық көмек көрсетілді. Алдын ала диагноздары – бас жарақаты және пышақ жарақаты.

Облыстық прокуратураның алдын ала мәліметі бойынша, пышақ ала жүгірген бала психиатриялық есепте тұрған. Былтыр 2 қыркүйек пен 24 қараша аралығында психдиспансерде емделген. 2-тоқсанның орта кезінен бастап оқуға кіріскен.

Айта кетейік, мектепте арнайы мамандандырылған күзет жоқ.

Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, осы дерек бойынша қазір №4 орта мектепте тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Барлық жаңалықтар