00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордалық полицейлер үй ұрлығына қатысы бар күдіктілерді ұстады

31.03.2023 | 22:32
Елорда ақпарат
32

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы қаласындағы пәтер ұрлығына күдікті екі адамды ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Белгілі болғандай, 21 және 23 жастағы жас жігіттер оңай ақша іздеп, қылмысқа барған.

Елордада Домалақ ана көшесіндегі үйді қадағалап, күні бойы жарық болмағанын байқаған. Түнде келіп, бейнебақылау камералары мен күзет дабылдарының жоқтығына көз жеткізіп, қоршаудан секіріп өткен. Содан кейін олар торды ашып, пластикалық терезені бұзып, ішке кірген. Күдіктілер алтын бұйымдарды, сондай-ақ 5 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат ұрлап үлгерген. Сонымен қатар, аулада тұрған көліктің кілттерін тауып алып, оны ашқан, бірақ көліктен құнды ештеңе таппаған соң қылмыс орнынан кетіп қалған, - делінген хабарламада. 

Сол күні олар Шымкентке барып, ұрланған заттарды сатқан, содан кейін Алматыға жол тартқан. Сол жерден елордалық полиция қызметкерлеріне ұсталды. Күдіктілер қамауға алынды. Олар мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталғандар осыған дейін де ұқсас үш ұрлық фактісін жасаған деп күдіктеліп отыр.

Қазіргі уақытта олардың елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Барлық жаңалықтар