00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Велотұрақтан велосипед ұрлап кеткен елорда тұрғыны ұсталды

31.03.2023 | 22:10
Айман Нығмет
38

«Есіл» ауданының полиция қызметкерлері велосипед тұрағынан екі доңғалақты көлікті ұрлауға қатысы бар 25 жастағы астаналық жас жігітті ұстады, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында Сығанақ көшесінде түнгі уақытта әлгі жас жігіт кабельді кесу арқылы құны 180 мың теңге тұратын «Аксис» маркалы велосипедті ұрлап кеткені анықталды.

Пиғылын іске асыруға інісімен келген қаскүнем, қолындағы ұнтақтағышпен кабельді күрт кескен. Олардың әрекеттері көше камераларының объективіне де түсіп қалған.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Оған қатысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталатын болады.

Барлық жаңалықтар