00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астана маңында парашютпен секірген сарбаз қаза болды

31.03.2023 | 22:04
Елорда ақпарат
46

Астана маңында парашютпен секіру кезінде әскери сарбаз қаза болды, деп хабарлады Elorda.info. 

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бүгінде тексеріс жүргізіліп, оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. 

2023 жылдың 18 қаңтарында Астана қаласының маңайында парашютпен жоспарлы секіру бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау барысында мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Әскери қызметші 2022 жылдың көктемінде Қарағанды қаласынан әскер қатарына шақырылған.

Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шараны қабылдайды.

Барлық жаңалықтар