00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Павлодарда таксиге мінген әйел ұшты-күйлі жоғалып кетті

31.03.2023 | 22:02
Елорда ақпарат
34

Павлодарда таксиге мініп, жоғалып кеткен әйел бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлады Elorda.info

Pavlodarnews.kz сайтының жазуынша, Елена Федоровичева 2023 жылы 16 қаңтарда Павлов көшесі, 48 мекен жайы бойынша көк минивэнмен белгісіз бағытқа жолға шыққан.

40 жастағы әйелдің әрі қарай қайда кеткені белгісіз.  Бойы – 165 см, ақ шашты.  Ұзын куртка, көк түсті бас киім киген.

Кеше бірден іздестіру шараларына қосылдық. Белгісіз бағытта  шығып кеткен  әйел бақылау камерасына түсіп қалған. Шамамен минивэн шағын таксиімен кеткен.  Павлодар мен Екібастұз темір жол вокзалының аумақтары, бейнебақылау камералары өңделді, сондай-ақ туыстарынан сұрастырылды. Өкінішке орай, іздеу жұмыстары әзірге нәтиже бермеді, – деді еріктілер.

Еріктілер көлік иесінен әйелдің қайда кеткені  туралы хабарлауды сұрайды.

Егер де  оның қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болса немесе көліктің иесін таныған жағдайда (карусельдегі фото) дереу еріктілердің телефондарына хабарласуды сұрайды: +7 (747) 615 55 63 Катерина, +7 (777) 334 82 01 Светлана.

Барлық жаңалықтар