00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Ақтауда ер адамның үстіне 6-қабаттан диван құлады (ВИДЕО)

31.03.2023 | 21:59
Елорда ақпарат
51

Қазіргі таңда жәбірленушінің туыстары куәгерлерді іздейді. Оқыс оқиға 12 қаңтар күні сағат 13:00 шамасында 11-41 мекенжайында орын алды. Алтыншы қабаттан белгісіз біреу тастап жіберген жиһаздың бір бөлігі үй жанынан өтіп бара жатқан ер адамның дәл үстіне құлаған, деп хабарлады Elorda.info.

Mangystaaumedia.kz сайтының жазуынша, 39 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, зардап шеккен. Жедел жәрдем ес-түссіз науқасты дереу облыстық ауруханаға жеткізді. Жәбірленушінің ағасының айтуынша, полицейлер кешке ғана келген, усакелік полицей пәтерлерді аралап жүріп, диванның алтыншы қабаттан лақтырылғанын анықтаған.

"Пәтерде 11 баласы бар көпбалалы отбасы өмір сүреді. Оқиға орын алған тұста барлық балалардың үйде болғандығын нақты білмеймін, бірақ сол уақыт аралығында есік алдынан шамамен 12-13 жасар жасөспірімді көрген. Балалардың ата-анасы оқиға кезінде үйде болмаған. Біз диванды кімнің лақтырғанын көрген куәгерлерді іздейміз. Қандай да бір мәліметтер болса, мына телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7702 811 03 82", - дейді жәбірленушінің ағасы Аман.

"Бұл үйдің бірінші қабатында балаларға арналған курстар бар, оқыс оқиғадан жас балалар да зардап шегуі мүмкін еді", -дейді Аман.

Қазіргі таңда зардап шеккен науқас облыстық ауруханада жатыр. Ер адамның мойын омыртқасы зақымданған, аяқ-қолы қимыл-қозғалыс қабілетін жоғалтқан.

Барлық жаңалықтар