00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада дүкеннен ішімдік ұрлаған жігіт ұсталды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 21:40
Елорда ақпарат
34

Астанада дүкен сатушысы полицияға тауарлары ұрланғаны туралы арызбен жүгінген, деп хабарлады Elorda.info.

Қоңырау шалушының айтуынша, таңғы сағат 05.30-да белгісіз адам Қошқарбаев даңғылындағы дүкенге клиент кейпінде келген. Ол сөреден Jack Daniels брендінің 2 бөтелке вискиін, бір банка қызыл уылдырықты, шұжық пен тауық етін жасырын ұрлап әкеткен. Материалдық шығын шамамен 80 мың теңге мөлшерінде бағаланған.

Қылмыстық іс-әрекет жасалған кезде клиенттің күдікті мінез-құлқын байқаған дүкен қызметкері жігіттен заттарды сөмкеден шығаруды сұраған. Бейнебақылау камераларын қарап, ұрлық фактісі бар екеніне көз жеткізгеннен кейін сатушы полицейлерге шара қолдану туралы жүгінген. Елорданың 23 жастағы тұрғыны мойындау көрсетпелерін берді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға жас жігіттің қатысы бар-жоғы тексеріледі.

 

Барлық жаңалықтар