00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада ломбардтан ұялы телефон ұрлаған адам ұсталды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 21:28
Елорда ақпарат
32

Астаналық полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 24 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Тергеу барысында таңертең жігіт тәулік бойы жұмыс істейтін ломбардқа кіріп, үй-жайда ешкім жоқ екенін пайдаланып, қоршаудан өтіп, кеңсеге кіріп кеткені анықталды. Үй-жай ішінде ол екі ұялы телефонды ұрлап, қашып кеткен.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталған жігіт мойындау көрсетпелерін берді. Ұрланған телефондарды полиция тәркіледі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Барлық жаңалықтар