00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Павлодар облысында өртенген үйден екі адамның денесі табылды

31.03.2023 | 21:13
Елорда ақпарат
45

Павлодар облысында ер адам мен кішкентай бала өртеніп кетті, үш жасар қызды көршісі құтқарып қалған, деп хабарлады Elorda.info облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 желтоқсан сағат 23.13 кезінде құтқару қызметіне өрт туралы хабар келген.

Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылы Елгин көшесі, 16 мекенжайында бір қабатты қамыстан салынған үйде өрт тұтанған. Жалын шамамен 64 шаршы метр аумақты шарпыды. Шатыр жартылай құлап қалған. Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 2019 жылы туған қызды көршісі құтқарып үлгерген.

Ол ауруханаға жатқызылды. Бала көміртегі тотығынан уланған, оң қабағы және бетінің сол жағы бірінші дәрежелі термиялық күйік алған.

Барлау кезінде үйіндінің астынан 1958 жылы туған ер адам мен 2016 жылы туған баланың күйген денесі табылды.

Өрт 20 желтоқсан сағат 01.47 шамасында толық сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске барлығы 8 қызметкер және 3 техника жұмылдырылды.

 

Барлық жаңалықтар