00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде соңғы екі күн ішінде газдан 14 адам уланды

31.03.2023 | 21:11
Айман Нығмет
30

Елімізде екі күн ішінде 14 адам ауырлығы әртүрлі дәрежедегі улы газдан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлады Elorda.info ТЖМ-ге сілтеме жасап.

19 желтоқсанда Абай облысындағы Семей қаласында пешпен жылытылатын 2 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережелерін бұзғандықтан, түтін мұржасының тартылуының болмауына байланысты улы газдан уланып 1994, 1997 және 1971 жылдары туған 3 адам ауруханаға жатқызылды.

Осы күні Астана қаласында пешпен жылытудың ақаулығына байланысты 2 қабатты жеке тұрғын үйде орташа ауырлықтағы улы газдан уланып, 1970, 1990, 1994, 2012, 2015, 2018 жылдары туған азаматтар ауруханаға жеткізілді. 18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Малеевск кентіндегі орталық ауруханасына улы газдан улану белгілері бар 15 жастағы жасөспірім түсті. Белгілі болғандай, апат жігіт ваннада болған кезде тазаланбаған мұржаның салдарынан болған, - деп жазды министрлік.

Ведомство ықтимал қайғылы салдардың алдын алу үшін үнемі абай болып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

 

Барлық жаңалықтар