00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Бір үйір жылқы мұз боп қатып өлді (ВИДЕО)

31.03.2023 | 20:50
Айман Нығмет
46

Солтүстік Қазақстанда бір үйір жылқы мұз боп қатып өлді. Оқиға Әлжан ауылында болды, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жылқылардың еркін жайылымда жүріп жоғалып кеткені белгілі болды. Сөйтіп арада бір апта өткеннен кейін Барчи көлінен табылды. Мына кадрлардан теңкиіп-теңкиіп мұз боп жатқан жануарларды көруге болады. Алдын ала болжам бойынша жайылып жүрген жылқылар көлдің үстіне шығып кеткен. Сол кезде мұз жарылып шамамен 50 бас түлік суға кетті. Қазір полицейлер мән-жайды тексеріп жатыр.
 

Барлық жаңалықтар