00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Дүкенде ұрлық жасаған әйел камераға түсіп қалды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 20:33
Елорда ақпарат
37

Қарағанды дүкенінде әйел адамның ұрлық жасаған сәті камераға түсіп қалған, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды қалалық ПБ-ға Октябрь полиция бөліміне қала тұрғынынан арыз түсті. Арызданушы ​супермаркеттердің біріне барғанын және сауда бөліміне кірмес бұрын ​көзге арналған массаж жабдығы бар дорбасын зат ​сақтау камерасының ұяшығында қалдырған. Сауда жасап шыққан ол, белгісіз біреу зат сақтау камерасының ​ұяшығын ашып оның дорбасын ұрлап кеткенін анықтаған.

​Жәбірленуші шыққан шығынын ​245 мың теңгеге бағалады. Полицияда осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиға орнынан полицейлер бейнебақылау камерасының ​жазбасын тәркілеп алды. Камерада ​бір әйел зат сақтау камерасының ұяшықтарына жақын келіп, біраз уақыт ойланып, содан кейін жәбірленушінің ​мүлкі​ салынған ұяшықты ашады. Оның ұяшық ішіндегі бөтеннің дорбасын ​ашып көріп, ​«олжасын» алып​ кеткен ​ұрлық сәті​ камераға түсіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бұрын құқық қорғау органдарының назарына түспеген 42 жастағы әйелді анықтап, ұстады.

Ол медициналық жабдықты алғаннан кейін оны қалай қолдануға болатындығын білмейтінін айтып, кінәсін​ мойындады. Заттай дәлелдеме алынып, жәбірленуші тарапқа қайтарылды.

Барлық жаңалықтар