Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
11 қараша күні Астана полициясына жұмысшылардың жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Мән-жайларды анықтау барысында тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы құрылыс жабдығында тұрған екі жұмысшының жерге құлағаны анықталды.
Алған жарақатынан құлағандардың бірі сол жерде қайтыс болды, ал екіншісі ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.