00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Үкімет басшысы жол апатынан қаза тапқан дәрігерлердің туыстарына көңіл айтты

31.03.2023 | 17:18
Айман Нығмет
37

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды облысында жол апатынан қаза тапқан дәрігерлердің туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында іссапардан келе жатқан 2 дәрігер қаза тапты

Кеше кешкісін Қарағанды облысында қайғылы жағдай болғанын білесіздер. Сарышаған ауылының маңында жол апатынан 2 дәрігер қаза тауып, 8 медицина қызметкері зардап шекті. Олар «Қазақмыс» компаниясының қызметкерлері медициналық тексеруден кейін қайтып келе жатқан. Қаза болғандардың туыстарына, жақындарына көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Премьер-министр кеңесесіне Үкіметтің алдағы отырыстарының бірінің күн тәртібіне жолдағы қауіпсіздік мәселесін енгізуді тапсырамын, - деді Ә.Смайылов.

Барлық жаңалықтар