00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада тағы да велосипед ұрлығы тіркелді

31.03.2023 | 17:06
Айман Нығмет
31

Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері вокзал маңында ұрланған велосипедті сатпақ болған 18 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияға елордалық азамат хабарласып, оның құны 70 мың теңге тұратын «Кронус» маркалы велосипедінің ұрланғанын айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, кешкі уақытта ол таныстарына келіп, велосипедті көліктің жанына қойған. Велосипедші көлік салонында достарымен сөйлесіп отырғанда, қасынан өтіп бара жатқан жігіт осы сәтті пайдаланып, екі дөңгелекті көлікті ұрлап әкеткен.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Аталған факті бойынша «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


 

Барлық жаңалықтар