00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада есірткі саудасымен айналысқан кәсіпкер ұсталды

31.03.2023 | 16:57
Елорда ақпарат
38

Кәсіпкер синтетикалық есірткіні сатумен айналысты деген күдікке ілінді. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

"9 қыркүйек күні Сығанақ көшесінің бойындағы арнайы тас жолда Мемлекеттік күзет қызметінің жедел бөлімшелері мен ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мұқият жоспарланған бірлескен іс-шарасы өтті. Шара барысында есірткінің "Мефедрон" синтетикалық тобының ірі мөлшерін сатқаны үшін Nissan Teana маркалы автокөлігінің жүргізушісі, 35 жастағы елорда тұрғыны, Нұр-Сұлтанда құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысатын ЖШС директоры ұсталды", – деп хабарлады мемлекеттік күзет қызметі.

 ЖШС директоры уақытша ұстау излояторына қамауға алынды.МКҚ мәліметінше, ұсталған ер адам өз кінәсін мойындаған.

Гүлжан Уалиева

Барлық жаңалықтар