00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Алматыда синтетикалық есірткі тәркіленді (ВИДЕО)

31.03.2023 | 16:53
Елорда ақпарат
28

1 келіден астам синтетикалық а-PVP есірткісін тамысалдаушы күтікті ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері тұрақты есірткі тасымалдаушысын УҰИ-ға қамауға алды. Ұсталған азаматтың әрекеті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сараланды. Қазір күдікті синтетикалық есірткіні интернет арқылы алғанын алға тартып отыр.

37 жастағы И. есімді күдікті азамат үш мекенжайға бетбелгі қою барысында ұсталды. Изолентаға оралған есірткі заттары бірден тәркіленді. Сонымен қатар, күдіктінің Толстой көшесіндегі жалдамалы пәтері де тексерілді. Нәтижесінде ас үйдегі сөреден жасыл және ақ түсті ұнтақты заты бар 40 бума анықталды. Сондай-ақ, залдан қорап табылды, оның ішінде ұнтақты заты бар 331 бума болды. Самалдықтан қызыл, көк, ақ және жасыл түсті түйіршіктер мен ішінде ұнтақ түріндегі заты бар 5 пластик ыдыс табылды. Сараптама бумалар мен ыдыстарға синтетикалық есірткі оралғанын анықтады», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Гүлжан Уалиева 

Барлық жаңалықтар