00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Іздеу

Елорда әкімдігінде ер адамды соққыға жыққан көпбалалы аналарға сот үкімі шықты

25.02.2023 | 14:52
Айман Нығмет
63

Қалалық сот мәліметінше, әкімдікке келген үш әйел қоғамды тәртіпті бұзып, кеңеске келген бейтаныс азаматты соққыға жықты. Соққы салдарынан ер адамның басы жарақаттанып, екі қолы көгерген. Тергеу дене жарақаттарын денсаулыққа жеңіл зиян келтіру ретінде бағалаған. Сонымен қатар айыпталушы әйелдер жолды бөгеп, азаматтар мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің ғимаратқа кіруіне кедергі келтірген.

Күдіктілердің іс-әрекеті бейнебақылау камераларындағы жазбалармен, сот-медицина сараптамасының қорытындысымен, жәбірленушілер мен куәлердің айғақтарымен расталған.

Бұрын сотталмаған көпбалалы аналар Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. П робациялық бақылау белгіленді. Сондай-ақ олар қоғамдық-саяси қызметпен, оның ішінде БАҚ пен телекоммуникация желілерін пайдалана отырып 3 жыл мерзімге қоғамдық-саяси қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

 

Барлық жаңалықтар