00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Нұр-Сұлтанда автокөліктің терезесін сындырып, ұрлық жасаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 08:03
Елорда ақпарат
31

Жүргенов көшесіндегі автотұрақтың периметрі бойынша орнатылған бейнебақылау камераларына «Датсун» маркалы автокөлігінен жасалған ұрлық әрекеті жазылып қалған.

Бейнежазбада түнгі сағат 4-тер шамасында мас жігіт автотұрақтың жанынан өтіп бара жатып, көліктің салонына қарап, есіктің тұтқаларын тартып көреді. Содан кейін ол «Датсун» маркалы автокөліктің артқы терезесін таспен ұрып сындырып салонға кіріп, «Самсунг» маркалы планшетті алып шыққан. Ұрлық жасаған жігіт оқиға орнынан кетіп қалады, - делінген Нұр-Сұлтан қалалық ПД хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, «Алматы» аудандық Полиция бөлімінің жедел уәкіл қызметкерлері күдіктінің тұрған жерін анықтаған. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары 26 жастағы қарақшыны ұстаған. Құны 150 мың теңгелік ұрланған планшет тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Тергеу барысында күдіктінің түнгі уақытта бес автокөліктің терезесін сындырғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Барлық жаңалықтар