00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

25.02.2023 | 07:10
Елорда ақпарат
32

“Сарыарқа” ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында анықталғандай, сағат 16:00 шамасында Ақан сері көшесінің бойында 37 жастағы ер адам “олжа” іздеп жүрген. Ол үйдің кіреберісінен құны 75 мың теңге тұратын велосипедті байқаған. Күдікті жақын жерде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, сымарқанды үзіп, велосипедті ұрлап ізін суытқан.

Аталған факті бойынша “Ұрлық” бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған ер адамның елорда аумағындағы басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Барлық жаңалықтар