00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қосшы қаласында 3 жасар бала 4-қабаттан құлап кетті

25.02.2023 | 07:09
Елорда ақпарат
40

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай мамырдың 21-де сағат 16:00 шамасында болған.

Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Зардап шеккен бала Нұр-Сұлтан қаласы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды, - деді ведомстводан.

Полициядан атап өткендей, бүлдіршін анасы дүкенге шығып кеткенде терезеден құлаған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр.

Отбасы екі бала тәрбиелеп отыр. Арнайы органдардың есебінде тұрмайды.

Барлық жаңалықтар