00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елорда маңындағы моншада мас ер адам әйелді соққыға жыққан (ВИДЕО)

25.02.2023 | 03:50
Елорда ақпарат
26

Істің мән-жайы былай болған: 2 сәуір күні сағат 07.30 шамасында мекеменің басқарушы директоры, 31 жастағы Қосшы тұрғыны есепшоттың не себепті төленбей жатқанын білу үшін, моншаға келушілердің алдына барған. Осы сәтте азаматтардың бірі әйелдің басы мен дене бөлігіне жарақат салып, себепсіз ұра бастаған.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 44 жастағы Қосшы тұрғыны мен Нұр-Сұлтан қаласының 36 және 37 жастағы екі тұрғынын анықтады.

Қосшы қаласының 44 жастағы және Нұр-Сұлтан қаласының 36 жастағы тұрғынының қанында алкогольдің бар-жоғын тексеру кезінде жеңіл және орташа дәрежедегі мастық байқалды. Олар Нұр-Сұлтандағы дәрігерлік сауықтыру станциясына орналастырылды. Монша басшысына ене жарақатын салған күдікті 37 жастағы азамат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Целиноград аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп мәлімдеді полиция.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.

Барлық жаңалықтар