00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада сауда үйіне белгісіз біреу «бомба» қойған

25.02.2023 | 03:31
Елорда ақпарат
42

29 наурыз түсте «Сарыарқа» сауда орталығының жұмыс нөміріне белгісіз ер адам телефон соғып, 8 минуттан кейін жарылыс болатынын хабарлаған. Әкімшілік дереу полиция шақырды.

Оқиға орнына шұғыл қызметтер аттанды. Тексеріс барысында жарылғыш және өзге де күмәнді заттар табылған жоқ, - деп мәлімдеді елорданың Полиция департаменті.

Сауда орталығының ғимаратынан 350 адам эвакуацияланған.

Қазір бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы («Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша шығынды өтеумен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі таңда полиция бомба туралы хабарлаған адамды іздестіріп жатыр.

 

Барлық жаңалықтар